Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полйцейлері Тәжікістанның үш азаматын ұстады

Көлік полицейлері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған
Тәжікістанның үш азаматын ұстады , – деп хабарлайды Polisia.kz

Көлік полицейлері «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында
Шу стансасында «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш» бағытындағы жолаушылар
пойызындағы вагондардың бірінде құжат тексеру кезінде 21-22 жас
аралығындағы Тәжікстан Республикасының үш азаматын анықтап, ұстады.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі, яғни шетелдiктiң
немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезіндегі көші-қон
карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең
ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының көші-
қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша
толтырылды.

Құқықбұзушылар Шу аудандық сотының шешімімен елден
шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру