Алматыдағы ұшақ апатына байланысты шұғыл желі іске қосылды
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасай отырып, Алматыдағы ұшақ апатына байланысты шұғыл желі іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Комитет таратқан мәліметтерге сәйкес «Алматы –Нұр-Сұлтан» бағытымен ұшып бара жатқан Бек эйр әуе компаниясының ұшағы тұрғын үй секторы аумағына құлаған. Ұшақта – 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Апат орнында құтқарушылар, құқық қорғау органдарының қызметшілері және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Үкімет арнайы комиссия құрды.
Жедел қызмет қызмет ету штабы құрылып, шұғыл желі жұмыс істеп тұр: 8 (7172)53-32-84,
Алматы облыстық ТЖД – 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18
Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД – 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47