800 мың теңгенің теміржол бөлшектері ұрланды
Көлік полицейлері ұрлық жасаған ер адамды ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Луговой станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қорағаты темір жол станциясының аумағында темір жол бөлшектерін ұрлаған 1994 жылы туған ер азаматты ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Келтірілген шығын сомасы 848 448 теңгені құрады. Ұрланған заттар тәркіленіп алынды. Т. Рысқұлов аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.