Теміртау полицейлеріне алғыс білдірілді
Теміртау полицейлеріне алғыс білдірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Instagram әлеуметтік желісінде Теміртау тұрғыны полиция қызметкерлерінің жауаптылығымен ықыласы үшін алғысын білдірді.
– Тұрғындарға көрсеткен қамқорлығы үшін Теміртау қаласы 2-ші ықшам ауданының учаскелік полиция инспекторлары Сұлтан Мұқаналиев пен Ренат Ыбырайға алғысымды білдіремін. Олар тек өздерінің қызметтік міндеттерін ғана емес, қызметіне қатысы жоқ жұмыстарды да сауатты орындайды. Менің анамның үйін жылу беру кезінде үстінде тұратын көршілерінен су кетіп астынғы үйді су басқан. Көршілердің қонақ бөлмесінде су батарейі болмағанына қарамастан, жылу құбырында су кеткенде жабатын тығыны да болмаған. Сондықтан да жылу бергенде үстінгі үйден астына су кеткен. Астынғы қабатта тұрған үй иесінің барлық жиһаздары су болды. Анам бұл оқиға бойынша учаскелік полиция инспекторларына шағымданды. Полиция қызметкерлері бірден іске кірісіп, оқиғаны тек өздеріне тіркеп қана қоймай, пластикалық трубаны ыстық үтікпен жалғап, жылу бергенін күтіп, еш жерден ақау шықпағанын көрген соң қызметіне кетті, – деп жазды азаматша.