Теміртау тұрғыны көршісінің ауласынан трансформаторды ұрлап кетті
Теміртау тұрғыны көршісінің ауласынан трансформаторды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
38 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы, Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жүгініп, түнде белгісіз біреу жеке үйдің ауласында орналасқан трансформаторды ұрлап кеткен деп түсіндірді. Шығын мөлшері 150 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Күдікті жәбірленушінің көршісі екені белгілі болды. Ұрланған қондырғы тәркіленіп, жәбірленушіге берілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.