Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері ұрлық туралы хабарлама түспей жатып, күдіктіні анықтады

Петропавл полицейлері ұрлық туралы хабарлама түспей жатып, күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері ұрланған заттарды өткізуі ықтимал деген жерлерді тексеру барысында қала базарларының біріне барды. Сол маңда полицейлер бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған, өздеріне жақсы таныс 39 жасар петропавлдықты байқап қалады. Ол “HYGGE” спорттық велосипедін сатпақ болған.

Полицейлердің қайдан алдың деген сұрағына, тауып алдым деген, бірақ қай жерден, қалай екенін түсіндіре алмаған. Жедел уәкілдер велосипедті және оның сатушысын суретке түсіріп алады. Келесі күні Екінші полиция бөліміне Абай көшесіндегі үйдің жертөлесінен дәл осы велосипедтің ұрланғаны жайында иесі жүгінгенде, полицейлер таң қалмады. Күдікті ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған көлік алынып, заңды иесіне қайтарылды.

– Бұл жағдайда велосипедтеріңізді ерікті түрде Петропавл қ. ПБ қызметкерлері жинақтап жатқан деректер базасына тіркеу тиімді екенін атап кеткен жөн, – дейді Екінші ПБ бастығының орынбасары Самат Тастан. – Тіркеу велосипед иесін қысқа мерзімде анықтауға септігін тигізеді. Велосипед ұрлығы маусымды қылмыстрдың қатарында, күн жылысымен саны арта түседі. Қалалықтарды өз мүліктеріне сақ болуға шақырамыз: велосипедтерін қараусыз қалдырмау, мініп кетуге қарсы құрылғылармен жабдықтау, түнгілікке мүмкіндігінше үйге кіргізу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру