Теміртауда екі ер адам 350 келі металл сынықтарын ұрлап кетті
Теміртауда екі ер адам 350 келі металл сынықтарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне белгісіз біреулер кәсіпорындардың бірінде 350 келі металл сынықтарын ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Келтірілген шығын көлемі 20 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері екі автокөлікті ұстады. Жүргізушілер 37 және 42 жастағы ер адамдар – ауылдық округтердің бірінің тұрғындары болып шықты. Көлік салонын тексеру барысында полицейлер ұрланған металл сынықтарын тауып, тәркіледі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.