Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда екі ер адам 350 келі металл сынықтарын ұрлап кетті

Теміртауда екі ер адам 350 келі металл сынықтарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қарашада Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне белгісіз біреулер кәсіпорындардың бірінде 350 келі металл сынықтарын ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Келтірілген шығын көлемі 20 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері екі автокөлікті ұстады. Жүргізушілер 37 және 42 жастағы ер адамдар – ауылдық округтердің бірінің тұрғындары болып шықты. Көлік салонын тексеру барысында полицейлер ұрланған металл сынықтарын тауып, тәркіледі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру