Теміртауда ер адам кәсіпорыннан электр құралдарын қолды қылды
Теміртауда ер адам кәсіпорыннан электр құралдарын қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда ЖШС-нің бірінің 34 жастағы директоры Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу электр құралдарын ұрлап кеткенін және бұл факт кәсіпорынның күнделікті қызметіне кері әсер еткенін айтты. Дәнекерлеу машинасын, қол фрезер станогын, тегістеу машинасын және белдікті тегістеу аппаратын қолды қылған ұры жалпы көлемі 50 мың теңгені құрайтын шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 46 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған электр құралдары тәркіленіп, зардап шеккен тарапқа берілді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.