Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйдінде қарасора өсірген 24 жастағы ақмолалық ұсталды

Үйдінде қарасора өсірген 24 жастағы ақмолалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің жедел ақпараты бойынша, Көкшетау қаласының ТЖО бірінде дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін облыс орталығының тұрғыны ата-анасының жеке үйінде құрамында есірткі бар қарасора тұқымдас өсімдіктерді егумен, өсірумен айналысады.

Үйді тексеру кезінде бөлмелердің бірінде қолдан жасалған қорап табылды, онда қарасора тұқымдас өсімдіктерге ұқсас өсімдіктері бар үш ыдыс табылды және тәркіленді. Бұдан басқа, қаратопырақпен пакеттелген тыңайтқыш қаптамалары, климат-бақылау қондырғысы, өсімдіктерді күту кестесі және фитолабораторияның басқа да жабдықтары тәркіленді.

Ұсталған адамның айтуынша, тәркіленген өсімдіктер үш түрлі сортқа жатады, олардың тұқымдарын бірнеше ай бұрын интернет арқылы тапсырыс беріп алған.

Ұсталған адамның өзі есірткіден мас болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы (Құрамында есірткі құралдары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру