Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автобуста әйелдің сөмкесін ұрлап кеткен қарағандылық анықталды

Автобуста әйелдің сөмкесін ұрлап кеткен қарағандылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 маусымда Октябрь полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші әйел қалаішілік бағыттардың бірімен жүретін жолаушылар автобусына отырған, аялдамадан түсер уақытта қасындағы орындыққа қойған сөмкесі жоғалғанын білген. Сөмкеде 300 мың теңге көлеміндегі қаражат пен құжаттар болған.

Келесі күні жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру