Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “гашишті” жеткізу арнасын реттемек болған үш ағайынды полицейлердің қолына түсті

ШҚО-да “гашишті” жеткізу арнасын реттемек болған үш ағайынды полицейлердің қолына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кезекті арнайы операция жүргізді. Бұл жолы құқық қорғау органдарының назарына 35 пен 40 жас аралығындағы үш ағайындыдан тұратын қылмыстық топ ілікті. Өскемен қаласында тұрақты тұрып, олар отбасылық есірткі бизнесін қолға алуды, яғни “гашиш” есірткі құралын сатумен айналысуды шешкен. Ағайындылардың кенжесі осы заттың аса ірі партиясын облыс орталығына әкелудің жолын тапқан. Алайда, полицейлер олардың қылмыстық жоспарларын жүзеге асыруларына мүмкіндік бермеді.

Ағымдағы жылдың 27 мамырында өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде аталған қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталды. Олардың әрқайсысынан есірткі тәркіленіп алынды.

Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Тінту барысында тәркіленген “гашиш” есірткі затының жалпы салмағы 10 килограмды құрады, бұл екі мың қолданатын дозаға тең.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсталғандардың айтуынша, есірткі Өскеменге еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінген. Қазір барлық мән-жайлар анықталуда, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру