Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда ер адам зейнеткерден әмиянын тартып алған

Теміртауда ер адам зейнеткерден ақшасы салынған әмиянын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусым күні сағат 13.30-да Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ-на дүкендердің бірінің жанында тонау орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына екі-үш минуттан кейін патрульдік полиция батальонының ең жақын жасағы келді.

Белгілі болғандай, бейтаныс азамат 85 жастағы зейнеткерге шабуыл жасаған. Зейнеткер сауда үйіне кірерден бұрын, сөмкесін ашып, ақшасының барын тексеріп, қараған. Осы мезетте зейнеткерге бейтаныс ер адам жақындап келген. Ол әжейдің сөмкесінен әмиянды жұлып алып, оқиға орынан тез арада жоқ болып кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, оның әмиянында соңғы 15 мың теңге ақшасы болған.

Куәгерлер ер адамның сыртқы белгілерін сипаттап берді. Ол 40-45 жастағы ер адам болған.

Патрульдік қызметкерлер оқиға орнына жақын орналасқан тұрғын үй алаптарын аралай бастады. Көп ұзамай олар күдіктінің сыртқы белгілері бойынша ұқсайтын азаматқа назарлары ауды. Өз кезегінде аталған ер адам қызметтік көлікті байқап қалып, жақын маңдағы аулаға қарай жүгірді. Қашқынды ұстау үшін полицейлерге санаулы ғана уақыт қажет болды.

Қаскөй 44 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады. Әмиян ақшасымен бірге зейнеткерге қайтарылды.

ҚР ҚК 191-24-бабы (Тонауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру