Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жігітімен жанжалдасып қалған қыз 3-қабаттан секірмек болды

Шымкентте жігітімен жанжалдасып қалған қыз қонақ үйдің үшінші қабатынан секірмек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 шілде күні сағат 21:40 шамасында Шымкент ҚПД-нің Жедел басқару орталығына қаладағы қонақ үйлердің бірінің 3-қабатынан бойжеткеннің секірейін деп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған шақыртуға Патрульдік полиция полкінің 1-рота 732, 724, 729 автоэкипаж қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, 23 жастағы қыздың өміріне араша болды.

Полиция қызметкерлері Қанат Рысбаев пен Оралбек Ташимбетов өз өмірлерін қатерге тігіп, қызды суицид жасаудан құтқарып қалды. Сұрастыра келе қыздың сөз байласқан жігітімен жанжалдасып қалғаны белгілі болды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру