Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда тұрғынның үйіне қонаққа барып, алтын бұйымды қолды еткен әйел ұсталды

Теміртауда тұрғынның үйіне қонаққа барып, алтын бұйымды қолды еткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

19 шілде күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша бір күн бұрын үйіне қонақ шақырғанын, кейін олар кеткенде алтын алқасымен кулонын белгісіз біреудің ұрлап әкеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 495 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жәбірленушінің үйінде қонақта болғандардың барлығының жеке басы анықталды.

Тергеу әрекеттері кезінде полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 35 жастағы азаматшаны анықтап, ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

25 шілде күні дәл осы полиция бөліміне түнгі сағат 24:00 шамасында Республика даңғылының бойында ашық тонау болды деген хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. 42 жастағы жәбірленуші азаматша полицейлерге кешкілік уақытта телефонмен сөйлесіп келе жатқанда белгісіз біреу кенеттен шап беріп, қолындағы телефонын тартып алғанын айтты.

Кешенді жедел әрекеттер барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру