Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жалған құрылысшы клиенттерден ақша жинап, жоғалып кеткен

Теміртауда жалған құрылысшы клиенттерден ақша жинап, жоғалып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне, қала тұрғындары 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам жүгінді. Олардың жалған құрылысшының алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғаны белгілі болды.

Белгілі бір азамат балкондарды жөндеу бойынша қызмет көрсету үшін жәбірленушілермен жазбаша келісім-шарт жасасқан. Бұл ретте ол аванстық төлем ретінде біріншісінен 85 мың теңге, екіншісінен- 121 мың теңге алып алған. Ақшаны алып алған алаяқ хабарсыз кетеді. Екі факті бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

24 қыркүйекте криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті – 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап,қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Полиция ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру