Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда “жиһаз сатушысы” тұрғындарды алдап кетті

Теміртауда “жиһаз сатушысы” тұрғындарды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне жәбірленушілерден бірден бес өтініш келіп түсті. Олардың барлығы бір адамның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен.

Алаяқ әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берушілерді тауып отырған. Өзін тәжірибелі жиһаз жасаушы ретінде таныстырып, шкаф, үстел, гарнитура жасауға уәде беріп, сенімге кіріп, әлі көрсетілмеген қызмет үшін аванстық төлем алып алған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын жалпы сомасы 900 мың теңгеден астам.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті – 29 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жасалған заңсыз әрекеттің әр фактісі бойынша кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру