Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық алаяқ елордалық сатушыларды алдаған

Теміртаулық алаяқ елордалық сатушыларды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біржан Сал көшесіндегі дәмханалардың бірінде жас жігіт ақша купюрасын ауыстыру сылтауымен 10 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденді. Осыған ұқсас схема бойынша күдікті елордадағы үш сауда орындарының сатушыларын алдаған.

Ойлаған ісін әрі жалғастыру мақсатымен қаскүнем қаланың дүкендерінде азық-түлік сатып алу арқылы әмиянынан 10 мың теңге купюрасын көрсетіп, ақшаны қолынан шығармаған.

«Сатып алушы» сатушының ақша санап жатқанын пайдаланып, оны әңгімелермен алаңдатып, қолындағы ақшаны қайтадан әмиянына салып алған. Азық-түлік дүкенінен азық-түлік пен қалған ақшасын алып, қылмыс орнынан жасырынып, 10 мың теңгені пайда қылған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасаған күдіктіні Қарағанды қаласында ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, 29 жастағы күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлік қызметкерлеріне ақша айырбастау түріндегі алаяқтық туралы ескертеді. Сақ болыңыздар! Көбінесе алаяқтар сатушыларды ақшаны бөлу немесе «айыру» деген сылтаумен алдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру