Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткіні насихаттау туралы 150-ге жуық граффити боялды

Алматыда есірткіні насихаттау туралы 150-ге жуық граффити боялды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 шілдеде қаланың Алатау және Наурызбай аудандарында өткізілген республикалық жедел-алдын-алу іс-шаралары шеңберінде “жастар саясатын дамыту” мемлекеттік қорының еріктілерімен бірге синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпараттан тұратын граффити-жазбаларды анықтау мен жоюға бағытталған іс-шара өткізілді.

– Науқан аясында тұрғын үйлердің, гараждардың және әкімшілік ғимараттарының қабырғаларына есірткінің таралуын насихаттайтын сайттарды жарнамалау туралы трафареттер мен граффити боялды.
Науқан шаһардың ПД ЕҚК және Алатау аудандық ПБ ЖПҚ УПИ қызметкерлерінің және 20 еріктінің қатысуымен өткізілді. Алатау ауданы аумағында 123 граффити-жарнамалары боялды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ, Наурызбай ауданының аумағында 20 граффити-жарнамалары анықталды және боялды. Іс-шараны өткізу үшін ЕҚК профилактикалық бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ, Наурызбай аудандық ПБ ЖПҚ УПИ 10 қызметкері және Мемлекеттік қордың 20 еріктілері тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру