Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер 42 жастағы азаматтан еліктің етін тәркіледі

Теміртау қаласының полицейлері заңсыз аңшылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының наряды қызмет өткеру барысында «Митсубиси» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкерлеріне аталған көліктің артында мемлекеттік тіркеу нөмірінің болмауы күдік тудырған.

Көлікті тексеру барысында оның жүк салғышынан қапқа салынған еліктің еті алынды. Жүргізуші  елікті Ақмола облысының аумағынан өтіп бара жатып, атып алғанын айтты.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабына (Заңсыз аңшылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру