Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ақпараттық технологиялар арқылы азаматтарды алдаған күдіктілер ұсталды

Қарағандылық полицейлер  ақпараттық технологиялар арқылы азаматтарды алдаған алаяқтардың жолын кесті, – деп хабарлады Polisia.kz.

8 қазан күні Қарағанды қаласының полицейлеріне 32 жастағы қала тұрғыны хабарласып, интернет арқылы өзінің автокөлігіне қосалқы заттар (капот, радиатор торын) алмақшы болғанын, аталған бөлшектерді сататын адамды тауып, терминал арқылы оның есеп шотына  тоғыз мың теңге аударғанын, алайда келісілген уақытта ақшасы төленген  заттарын ала алмағанын айтқан.

Сатушы телефон тұтқасын көтермей қойған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

27 қазан күні жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен  Қарағанды қаласының 19 жастағы тұрғынын ұстады.

Айта кету керек, бір күн ішінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалған жеті қылмысты ашты.

Ұсталған күдіктілер тек Қарағанды облысының тұрғындары ғана емес, сондай-ақ Павлодар, Өскемен, Қостанай және Түркістан облыстарының тұрғындары болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру