Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

 Қарағандылық полицейлер бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Қарағандыда екі бірдей ұрлық жасаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне екі бірдей қала тұрғынынан ұрлық туралы арыз түскен.

Мәселен, 57 жастағы азаматтың үйінің ауласынан құны 90 мың тұратын электр жабдықтары ұрланса, сауда орындарының бірінде сатушы болып жұмыс істейтін 46 жастағы азаматшаның сөреде тұрған төрт күртешесі ұрланған. Екінші жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құрады.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы азаматты ұстады. Одан айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру