Теміртаулық полицейлер дүкендегі бейнекамераның көмегімен ұрыны анықтады
Теміртаулық полицейлер дүкендегі бейнекамераның көмегімен ұрыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 мамыр күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 35 жастағы жеке кәсіпкер арызбен шағымданған. Жәбірленуші арызында қаладағы дүкендердің біріне келіп, сөреге ішінде 118 мың теңге ақшасы бар қол сөмкесін қойғанын, арада уақыт өткенде өзінің аңғалдығынан қол сөмкесін біреудің алып кеткенін жазған.
Полиция қызметкерлерімен дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларын қарау барысында белгісіз адамның ешкімге байқатпай үстелде тұрған қол сөмкені алып, асыға басып сыртқа шығып бара жатқан бейнежазбасы анықталды. Осы бейнежазбаның арқасында полиция қызметкерлері бұрын мүліктік қылмыстар жасау бойынша құқық қорғау органы қызметкерлерінің назарына ілікке 32 жастағы азаматтың тұлғасы анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
18 мамыр күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.