Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш қаласының тұрғыны бір түнде екі автокөлікті айдап кетті

Балқаш қаласында бір түнде екі автокөлікті айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 мамыр күні түн жарымында Қарағанды облысы, Балқаш қалалық Полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші белгісіз біреудің аулада тұрған автокөлігін айдап әкеткені туралы айтқан. Келтірілген шығын көлемі бір миллион 300 мың теңгені құрайды. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Қылмыс болған жерге шыққан полиция қызметкерлері бірден ұрланған көлікті тапты. Күдікті көліктің дөңгелегі жарылғандықтан оны табылған жерге қалдырып кеткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Арада бірнеше уақыт өткенде кезекші бөлімге осыған ұқсас, яғни белгісіз біреу 45 жастағы қала тұрғынының құны бір миллион 600 мың теңге тұратын көлігін ұрлап кеткендігі туралы ақпарат түскен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімене ізін суытпай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің бірінші қылмысқа да қатысы бар екендігі анықталды. Полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтан күдіктіден қылмыс барысында қолданылған бір бума кілттер тәркіленді.

Екінші факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру