Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ірі жарнамалық интернет-алаң әкімшілігін басқа елдердің тұрғындарының жарнамаларын орналастыру мүмкіндігін шектеуге шақырды

Алматы полициясы ірі жарнамалық интернет-алаң әкімшілігін басқа елдердің тұрғындарының жарнамаларын орналастыру мүмкіндігін шектеуге шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай қажеттілікті бүгінде тәжірибе көрсетіп отыр, бұл сату-сатып алу, айырбастау және басқа да айла-шарғы жасау кезіндегі алаяқтық әрекеттердің көбін басқа мемлекеттердің пайдаланушылары жасайтынын көрсетеді.

– Қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың 50%-дан астамы “OLX” платформасын пайдалану арқылы немесе басқаша түрде жасалады. Осыған байланысты осы ресурстың жетекшісі Марина Киммен жұмыс кездесуі болды. Диалог барысында біз болашақта ірі жарнамалық Интернет-алаңды пайдаланушылардың тәуекелдерін барынша азайтуға көмектесетін бірнеше ұсыныстарды айттық. Біріншіден, біз пайдаланушыны авторизациялау процедурасын қатаңдатуға шақырдық: биометриялық мәліметтерді қолдана отырып авторизациялау немесе жеке куәліктің фотосуретін пайдалану арқылы авторизациялау мәселесін қарастыру. Қазіргі уақытта авторизация тек смс-хабарлама арқылы жүреді, ал, алаяқтар бұл іс-әрекетті смс-активация қызметін пайдаланып, айналып өтеді. Екіншіден, IP-мекен-жай сүзгісін жасау, яғни басқа елдердің IP-мекен-жайы бар пайдаланушылар “OLX” қосымшасына немесе сайтына кіре алмайтындай етіп файрбол орнату, өйткені алаяқтар IP мекен-жайларын жасыру үшін VPN қызметін жиі пайдаланады. Үшіншіден, оларға ЛОГ файлдарын тек жарнамалық жазбалар үшін ғана емес, сонымен қатар, жарнамаға кірген адамдар үшін де теруді сұрадық, өйткені алаяқтар сатып алушы ретінде де әрекет етеді және сатушылардың пайдаланушыларының жеке деректерін шығарып, күмәнді сілтемелерге өтуді сұрайды, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Спикер атап өткендей, кездесудің қорытындысы бойынша, мәселе шынымен де өзекті және сәйкесінше алдын-алу іс-шараларын қабылдауды қажет ететіндігі туралы түсінікке қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру