Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі пайдаланды деген күдікпен екі отырарлық тұрғын ұсталды

Есірткі пайдаланды деген күдікпен екі отырарлық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ қызметкерлері есірткіге ұқсас затты пайдаланған екі азаматты ұстады. Ауданға жақын ауылдың тұрғындары Ресей Федерациясында тіркелген Ваз 2017 көлігінің ішінде есірткіге ұқсас затты пайдаланған. Сондай-ақ олардың біреуінің спорттық сырт киімінің қалтасынан ақ түсті қағазға оралған ұнтақ зат дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тіркеуге алынды.

Ал дәлелдеме ретінде алынған есірткі тектес ұнтақ зат сараптама қорытындысына сәйкес бес грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта күдіктілердің бас шарасы қолхатта. Тергеу барысында оқиғаның толыққанды мән-жайы анықталатын болады.

Облыс тұрғындарына ескертеміз, есірткі атаулыға мүлде жоламаңыздар! Өз саулықтарыңыз үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, жаман әдеттерден аулақ болыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру