Теміртаулық полицейлер екі апта бұрын ұрланған скутерді иесіне қайтарып берді
Теміртаулық полицейлер екі апта бұрын ұрланған скутерді иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 шілдеде Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші әйел белгісіз біреудің көпқабатты үйдің ауласында қараусыз қалған скутерді ұрлап кеткенін түсіндірді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Екі аптадан кейін, 21 шілдеде криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, скутер тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.