Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторының қызметкерлері көрмені тамашалады

Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторының  қызметкерлері қалалық А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кітапхана қызметкері Данагүл Қазыханқызы тергеу изоляторының қызметкерлеріне Тұңғыш Президенттің отбасы, жастық шағы, тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі туралы айтып өтті.

Шараның мақсаты – қызметкерлердің патриоттық рухын көтеру, Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерін насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін көрсету болып табылады.

– Кітапхана қызметкері Елбасының жастық шағы мен  басшылыққа дейін жүріп өткен жолы, еңбектері туралы жан-жақты мағлұмат берді. Бүгінде Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан барлық қиындықтардан аман-есен шығып, дүниежүзі таныған абыройлы елге айналды. Бүгін Тұңғыш Президенттің өмірбаяны туралы көптеген қызықты мәліметтерді білдік, – деді  тергеу изоляторының тағылымдамашысы Ақберген Қожақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру