Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл тұрғынынан тіркелмеген мылтық алынды

Атырау облысында ауыл тұрғынынан тіркелмеген мылтық алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округіне қарасты Кіндіксай елдімекенінің маңындағы далалықта “УАЗ” маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында көлік салонынан тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 10 дана оқ-дәрі, қосымша жарық беру құрылғысы және атылған үш дала қояны табылды.

Көлік тізгінінде болған Миялы селосының тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) жинақталған материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру