Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төретам кентінің тұрғыны учаскелік полиция инспекторына алғыс айтты

Төретам кентінің тұрғыны жоғалған телефонын тауып берген учаскелік полиция инспекторына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 26 қарашасы күні Төретам кентінің тұрғыны өзіне тиесілі ұялы телефонының белгісіз себептермен жоғалғанын айтып, полиция көмегіне жүгінген. 

Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген учаскелік полиция инспекторы Оңталап Маралұлының қырағылығының нәтижесінде арызданушы азаматшаға тиесілі қызыл түсті “OPPO RX” маркалы ұялы телефон табылып, иесіне қайтарылды.

Жергілікті тұрғын полиция қызметкеріне кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру