Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тағы да бір интернет алаңы жезөкшелікпен айналысатын қыздарды жарнамалаған

Алматы қаласында ақылы жыныстық қызметтер көрсететін жезөкшелер жүретін тағы бес притон анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен түнде криминалдық полиция қызметкерлері жыныстық қызметтер көрсететін жезөкшелері бар бес притонды анықтады. Оның төртеуі тұрғын үйлердің пәтерлері болса, біреуі монша кешені болып шықты.

Тексеру барысында жеңіл жүрісті қыздардың тұрақты клиенттерін әлеуметтік желілер арқылы тауып отырғаны анықталды. 

– Өткізілген рейд нәтижесінде полицияға 19 жеңіл жүрісті қыз және қыздарды тасымалдаумен айналысатын бір ер адам жеткізілді. Ал басқа жағдайларда жезөкшелер жалдамалы пәтерлерде қызмет көрсеткен. Ұсталған қыздар арасында  1994 жылы туған Моңғолияның азаматшасы анықталды. Полицияға жеткізілгендердің барлығы қолданыстағы заңнама  шеңберінде жауапкершілікке тартылып, олардың өзге де құқық бұзушылықтарға немесе қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілді, – деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Осыдан бір күн бұрын өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында 47 жеңіл жүрісті қыз анықталып, Полиция департаментіне жеткізілгенін естеріңізге сала кетейік.

Олар ішкі істер органдарының ғимаратында ұйымдастырылған мобильдік медициналық зертханада ЖИТС-қа арнайы қан тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру