Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті

Түркістандық азамат қызылордалық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қараша күні Ресей Федерациясынан Шымкент қаласына жол тартқан “Камаз” жүк автокөлігі “Шымкент-Самара” тас жолының Қармақшы ауданы Байқожа елдімекенінің тұсындағы учаскесінде ауа райының қолайсыздығының салдарынан тас жолда тайып, жол жиегіне шығып қалған.

Қызылорда облысының ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Абзал Исенбеков және Нұрбек Алтыбаев жүргізушіге көлікті шығаруға көмек беріп, жүргізуші әрі қарай қозғалысын жалғастырған. 

Камаз көлігін тізгіндеген Түркістан қаласының тұрғыны патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру