Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторында онлайн-дүкен ашылды

Атыраудағы тергеу изоляторында онлайн-дүкен ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Енді Атыраудағы тергеу изоляторында отырған азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады.

Мекемеде сотқа дейінгі мерзімге уақытша ұсталған және жазасын осында өтеуге шаруашылық қызметіне қалдырылған тұлғалар үшін туыстары үйден шықпай-ақ, арнайы www.magzonaatyrau.kz қосымшасы арқылы тауарларды таңдап, мекемеге жіберу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Қосымшаны PlayMarket желісінен жүктеп алуға болады. Мекемемен келісімшартқа отырған жеке кәсіпкер тергеу изоляторында отырған азаматтардың туыстарының тапсырысын орындап, бірнеше сағат ішінде тауар сотталған немесе күдікті азаматтың қолына жетеді.

– Бұл мекемеде уақытша ұсталатын және шаруашылық қызметіне қалдырылған азаматтар үшін де, олардың туыстары үшін де өте қолайлы. Себебі олардың туыстары мекемеге келмей-ақ, үйде отырып керекті заттарға тапсырыс бере алады, – дейді мекеменің арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірхан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру