Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тілдер онкүндігіне Ақмола ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері қатысты

Тілдер онкүндігіне Ақмола ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 жыл бойы қазақстандықтар ресми түрде “Қазақстан халқының тілдері күні” мерекесін атап өтуде. Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/4 мекемесінің қызметкерлері Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Тілдерді оқыту орталығы” КММ аясында өткен тілдер онкүндігіне қатысты. “Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі” атты ақпараттық-танымдық іс-шаралар онкүндіктің арқауы болды.

– Іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында жоспарланып, өткізілді, – дейді қазақ тілі мұғалімі Жанар Жалелова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру