Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТМД ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында Қазақстан автокөлік ұрлығы және киберқылмыспен күрес бойынша ақпарат алмасу мәселелерін көтерді

11 қазанда бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онлайн-кездесуге Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ішкі істер министрліктерінің және Армения полициясының, сондай-ақ, ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-дағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының және ТМД-дағы Терроризмге қарсы орталығының делегациялары қатысты.

Полиция ведомстволарының басшылары қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың басым мәселелерін қарады.

Сондай-ақ, қатысушылар COVID-19 пандемиясы жағдайындағы қылмысқа қарсы іс-қимылды, жедел ақпарат алмасуды және қылмыстарды ашу және тергеу тәжірибесін, есірткі бизнесіне қарсы күрестегі өзара іс-қимылды күшейтуді, блокчейн-технологиялар мен криптовалюталарды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алудағы ынтымақтастықты және тағы басқа мәселелерді талқылады.

Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша Министрлер Кеңесінің күн тәртібіне автокөлік ұрлығы және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелері енгізілді.

Ерлан Тұрғымбаев ТМД елдері ІІМ-нің деректер базасындағы мәліметтермен өзара алмасу Достастыққа қатысушы елдердің аумағында қолды болған көлік құралдарын айдап кету, ұрлау және өткізу жолдарын тиімді ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан ІІМ басшысы отырысқа қатысушыларды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарды ашуда өзара іс-қимылды жандандыруға шақырып, интернет-алаяқтықтың шекарасы жоқ және азаматтарға елеулі залал келтіретінін баса айтты. Осыған байланысты, полиция ведомстволары арасында күш-жігерді шоғырландыру және тәжірибе алмасу талап етіледі, деп мәлімдеді Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, министр өз сөзінде Қазақстанның ІІМ қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша ТМД мемлекетаралық бағдарламаларында көзделген іс-шараларды тиімді орындайтынын мәлімдеді.

Ерлан Тұрғымбаев іздестіру жұмыстары, заңсыз көші-қон, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы белсенді ынтымақтастықты атап өтіп, әріптестерін қазақстандық полицияны реформалау барысымен таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық өзара іс-қимылын нығайту жөнінде бірлескен шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру