Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде төбелестен студент пышақ жарақатын алды

Ақтөбе қаласында Бәйішев атындағы университет студенті мен Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі арасында төбелес болып, білім алушы пышақ жарақатын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

3 наурыз күні Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына пышақпен жарақаттанған 21 жасар ЖОО-ның 3 курс студенті түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Анықталғандай, Құрманалин мен Қазан көшелерінің қиылысында Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің 2-курс студенті мен Бәйішев атындағы университеттің 3-курс студенті араыснда төбелес болған. Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

4 наурызда Ақтөбе облысы  ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің студенттерімен және оқытушылар құрамымен кездесті.

«Тек өткен айда, 18 ақпанда аталған колледжде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша кездесу өтті. Алайда, бұған қарамастан аталған қылмыс орын алды. Осы оқиғаға қатысушылар тергеу барысында олардың іс – әрекеттерін құқықтық бағалағаннан кейін жауапқа тартылады» – деді Қанат Әлиев.

Оқытушылар өз кезегінде полицейлерден колледждің жанында бейнебақылау камераларын орнатуды сұрады,себебі үш колледж және үш жатақхана осы ауданда орналасқан. Полиция қызметкерлері өтінішті ескеруге уәде берді және ата-аналар мен оқытушылар құрамын білім алушыларды оқу уақытында бақылауды күшейтуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру