Төлебилік көші-қон полицейлері 81 жастағы тұрғынның төлқұжатын жаңартып берді
Төлебилік көші-қон полицейлері 81 жастағы тұрғынның төлқұжатын жаңартып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-нің полицейлері аудан бойынша денсаулығы төмен және қарт кісілерге көмек беру мақсатында құрылған мобильдік топ мүшелері тұрақты түрде іс-шаралар өткізіп тұрады. Төлеби АПБ-ге осындай жағдаймен 81 жастағы әжей өз өтінішін білдірген. Осы жайтқа байланысты полицейлер ақ жаулықты ананың үйіне барып, құжаттарын рәсімдеп жеке куәлігін табыс етті.
Үлкенге құрмет көрсете білген Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі тобының қызметкері Сейілхан Байсапаров ананың алғысына бөленді.
– Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Мен осы денсаулығыма байланысты үйден алыс шыға алмайтын болдым. Осы кезде төлқұжатымның да мерзімі бітіп қалды. Осыған байланысты тәртіп сақшыларынан көмек сұрадым. Олар менің өтінішімді аяқасты етпей, үйге келіп құжаттарымды жасап берді. Алғысым шексіз. Істеріңе береке тілеймін!
Қарт ананың ақ батасын алған полицейлер әрі қарай өз жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.
Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтай отырып, әрбір қала, аудандағы егде жастағы тұрғындардың жеке куәліктерінің мерзімі өткендерін қайта рәсімдеуге көмектесуде. Жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың құжаттарын жаңартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.