Жамбылдық полицейлер кәмелетке толмағандар арасында жергілікті рейдтер өткізді
Жамбылдық полицейлер кәмелетке толмағандар арасында жергілікті рейдтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Демалыс күндері полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында жастардың ұнататын демалыс орындарына жергілікті рейдтер өткізді.
Мысалы, тек мерекенің үш күні ішінде 68 рейд жүргізілді, оның барысында 79 кәмелетке толмаған жасөспірім ІІО-ға жеткізілді, 146 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін бір заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды, ол үшін екі ата-ана мен ойын-сауық мекемелерінің екі иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь сатудың бес дерегі анықталды, дүкен иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін тағы 77 заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Профилактикалық есепке үш жасөспірім, сондай-ақ 14 бала тұратын 9 қолайсыз отбасы қойылды, бір заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды.