Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жолда қалған азаматтарға көмектесті

Түркістан облысының полицейлері жолда қалып қойған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының инспекторы Ғабит Нұрсейітов Самара-Шымкент магистралды тас жолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруда. Осындай жұмыс күнінің бірінде сағат кешкі 18:00 шамасында полицейлер жолдың жиегіне шығып кеткен үлкен жүк көлігін байқап, тоқтап, жүргізушіге көмектескен.

Басқа жүк көлігінің көмегімен полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге аталған көлікті сүйреп, жолдың шетінен шығарды.

Ақаулар жойылған кезде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі өз жолын қауіпсіз жалғастыра алды. Мұның бәрін қызметтік автокөлікте орнатылған бейнебақылау камерасына түскен. Жүргізушінің өзі патрульдік полиция қызметкерлеріне, оның ішінде полицей Ғ.Нұрсейітовке және оған көмек көрсетуге қатысқандардың барлығына үлкен алғыс білдірді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ауа райы қолайсыз болған жағдайда жол жүруден бас тартуды ұсынады. Сондай-ақ, автомобильдің техникалық жабдықталуына назар аудару керек, қажетті құралдарды өзіңізбен бірге алып жүруге кеңес береді. Жолда абай болыңыз және жол ережелерін сақтаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру