Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суық қаруды алып жүрген ақтөбеліктер анықталды

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбеде екі мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 12-18 наурыз аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, болдырмауға бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Облыс бойынша “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінде 51 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 37 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген бір адам ұсталды. Бұрын жасалған 17 қылмыс ашылды.

Заңсыз алып жүру мен сақтаудың 70 фактісі анықталды:

– Есірткі құралдарын сақтағаны үшін екі факт;
– Тіркелмеген атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алып жүрудің үш фактісі;
– Суық қаруды (пышақтарды) алып жүрудің 64 фактісі.

“Нөлдік төзімділік” тәртібінде 2078 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін – 81, ұсақ бұзақылық үшін – 275, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу үшін – 281, УБжДО-ға –116 адам орналастырылды, қабылдау-тарату орнына – 12 адам қамалды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша – 869, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару – 18, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру – 122, қарсы жолаққа шығу – 26, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 71, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы бойынша – 387 анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру