Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төлебилік тәртіп сақшыларына шетелдік азаматша алғыс айтты

Төлебилік тәртіп сақшыларына шетелдік азаматша алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ Көші-қон қызметі тобының инспекторлары кезекті рет шетел азаматының алғысына бөленді. Елімізге қыдырып келген Өзбекстан Республикасының азаматшасы Хайриниса Бобохонова төлқұжатын жоғалтып алып, еліне қайта алмай қалған.

Шекарадан өтуі үшін талап етілетін құжатты алу үшін Алматыға баруы керек. Ал, оған шетелдіктің қаржысы да, жол көрсететін танысы да болмаған. Төлеби АПБ қызметкерлері шетелдіктің құжаттарын рәсімдеуге қол ұшын созып, көмек берді. Шымкент қаласындағы «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы арқылы Өзбекстан елшілігіне байланысқа шығып, құжаттарын реттестірді.

Өз кезегінде Х.Бобохонова полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру