Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мотоциклдегі жасөспірім жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысында жасөспірім мотоциклімен жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz

17 мамыр күні Хромтау қаласындағы “Самара-Шымкент” автожолының 836 шақырымында Ваз-21070 автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі жол қиылысынан тыс солға бұрылған кезде, қарсы жақтағы көлік құралына жол бермей, 10-сыныптың кәмелетке толмаған оқушысының басқаруындағы мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз GSX Suzuki мотоциклімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

– Кез келген ата-ана балалар жол-көлік оқиғасына кездейсоқ тап болады деп ойлайды. Сол оқиғаға өзінен басқа, адамдардың барлығын кінәлі деп санайды. Құрметті ата-аналар, тек сіз ғана балаңыздың өміріне жауаптысыз, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов. – Жол қозғалысы ережелері барлық адамдар үшін заң екенін, оны сақтау міндетті екенін әркім нақты білуі керек. Кәмелетке толмағандар жол қозғалысына қатысушы ретінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін ғана емес, сонымен қатар жол-қозғалыс ережелерін сақтамаудың салдары қандай болатынын да білуі қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру