Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тоңазытқыш ұрламақ болған павлодарлық ұсталды 

Тоңазытқыш ұрламақ болған павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар тұрғыны оның әрекетін ешкім бақыламайды деп Целинная көшесінде пәтер есігінің құлыбын бұзып, көршінің тоңазытқышын сыртқа шығаруға тырысты. Алайда ер адамның басқаның мүлкін ұрлауы іске аспады. Павлодарлықтың әрекетін кезекші күзетші байқап, сол арада полицияға қоңырау шалды. Павлодарлық бұрын да ұрлық жасап сотталған болатын.

– Бұл факті бойынша ҚР ҚК 24-бабы және 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот алдыңғы тергеу өткізілуде. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – «келу міндеттемесі», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру