Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ІІО ардагерлері арасында жарыс ұйымдастырылды

Түркістан облысында ІІО ардагерлері арасында жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ІІО-ның Ардагерлер кеңесі Түркістан қалалық әкімдігі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің белсенді ұзақ өмір сүру бөлімшесімен бірлесіп, ардагерлер арасында бильярд, шахмат-дойбы түрлерінен жарыс ұйымдастырды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту және дамыту, аға буынды құрметтеуді насихаттау және ардагерлердің өмірлік және адамгершілік құндылықтарын келешек ұрпаққа үлгі ету.

Аталған жарысқа Созақ ауданы мен Кентау, Түркістан және облыстық ардагерлер кеңестерінен командалар қатысып, қабілеттерін ортаға салып, бақ сынады. Сондай-ақ, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, шеберлік танытқан жеңімпаз ардагерлер Түркістан қалалық әкімдігі және облыстық ІІО Ардагерлер кеңесінің грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара соңында ардагерлер осындай ынтымақ, бірлік күні қарсаңында өздеріне арнап сайыс ұйымдастырған белсенділерге өз ризашылықтарын білдірді. “Қарты бар үйдің – құты бар” дегендей, ел іргесін берік сақтап, болашақ үшін аянбай тер төгіп, бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлерді ұлықтап, аға буынға құрмет көрсету – өнегелі іс және бұл дәстүр ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру