Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт күн ішінде елордалық полицейлер масаң күйде көлік басқарған 37 жүргізушіні ұстады

Төрт күн ішінде елордалық полицейлер масаң күйде көлік басқарған 37 жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында елорда аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жергілікті-рейдтік іс-шарасы жүргізілді.

Мереке күндері наркология орталығына медициналық куәландыру жүргізу үшін 45 жүргізуші жеткізілді, оның 37-сі масаң күйде екендігі анықталды.

Рейдтік іс-шара барысында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 1 мас жүргізуші және көлік басқару куәлігі жоқ 1 жүргізуші ұсталды. 34 автокөлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.

Мәселен, түнгі уақытта Mitsubishi Galant автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Петров көшесінің қиылысында Қажымұқан көшесімен келе жатып, Toyota Highlander автокөлігімен соқтығысуға жол беріп, нәтижесінде көлік құралдарына зақым келтірілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам «орташа» дәрежеде мас болғандығы анықталды.

Мас жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру