Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тосқауыл” жоспары: ШҚО полицейлері жарты сағатта көлік ұрысын ұстады

ШҚО полицейлері жарты сағатта көлік ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының ортасында Риддер қаласының ПБ-ге 44 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз тұлға Гагарин даңғылындағы аулада тұрған оның ВАЗ көлігін айдап кеткені туралы арызданған. Осылайша шамамен 1,5 млн теңге залал келтірді.

Келіп түскен сигнал бойынша дереу барлық жеке құрам бағдарланып, “Тосқауыл” жоспары жарияланды. Полиция қызметкерлері 30 минут ішінде күдіктіні қолға түсірген. Тергеу барысында қаскөй кінәсін мойындаған.

Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

– Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы 1бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру