Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төтенше жағдайлар кезінде көмектескен еріктілерді марапатталды

Түркістан облысының полицейлері Төтенше жағдайлар кезінде көмектескен еріктілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының Полиция департаментінде Қайрат Дәлбеков короновирустық инфекцияның таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен еріктілерге ҚР Ішкі істер министрі атынан алғыс хаттар тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы жылды “Еріктілер жылы” деп жариялаған болатын. Содан бері еріктілер облысымызда орын алған бірнеше ТЖ кезінде полицейлерге үлкен көмек көрсеткен еді.

Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысып, азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарына көмек көрсеткені үшін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хаттарымен Түркістан облысының тұрғындары Болат Жүнісов, Шырын Әшімова, Идрис Жұманазаров, Шәріпжан Рисметов, Ғайрат Байменов және Асхат Ергештер марапатталды.

Департамент басшысы Қайрат Дәлбеков осы қиын кезеңде еріктілер көмек көрсеткенін және алдағы уақытта да қолдау көрсететініне сенетіндігін атап өтті. Олар азық-түлік пен қорғаныс құралдарын жеткізді, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті. Сондай-ақ, генерал Қ.Дәлбеков еріктілерге азаматтық ұстанымдары мен қоғам өміріне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Еріктілер де Түркістан облысы ПД басшысына алғыс білдіріп, тәртіп сақшыларының көрсеткен құрметіне дән риза екендіктерін жеткізді.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде, елдегі төтенше жағдай режимін алып тастау туралы шешімді жария етті. Түркістан облысындағы карантин короновирустық инфекцияның таралуына байланысты жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру