Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Травматикалық тапанша тәркіленді

Ұландықтар Теміртауда тапаншамен жүрген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 24 желтоқсан күні сағат 18.20-да орын алды. Ұлттық ұланның №5516 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында күдікті ер азаматты байқаған.

Әскери жасақ бастығы Руслан Махмұтов бастаған жауынгерлер жақындай бергенде әлгі азамат қатты сасқалақтап қалған. 

Әскери жасақ азаматты тоқтатып, мән-жайды анықтау кезінде ол өзімен бірге травматикалық тапанша алып жүргенін мойындады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, күдікті құзырлы мекеме қызметкерлерінің қолына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру