Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнде ойын клубында жүрген 6 бала анықталды

Елордада ойын клубында түнгі уақытта кәмелетке толмаған алты бала болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қарашада сағат 23.36-да Нұр-Сұлтан қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Есенберлин көшесінің бойындағы «Джакс» ойын клубын тексерген кезде 14-17 жас аралығындағы алты жасөспірімді анықтады.

Балаларын қадағаламаған ата-аналарға түннің бір уағында мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне келуге тура келді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектерсіз ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін жасөспірімдердің заңды өкілдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар олармен алдағы уақытта осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Ойын клубының әкімшісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жыл басынан бері қаланың компьютер клубтары 100-ден астам осындай құқық бұзушылыққа жол берген. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар карантин талаптарын бұзу бойынша жинақталған материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру