Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын баласын тауып берген шымкенттік полицейлерге алғысын білдірді

Тұрғын баласын тауып берген шымкенттік полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 18 тамызында қаладағы адам көп шоғырланған Север шағынауданында баласын таба алмай қалған ана полиция бекетіне бекітілген полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Анасының айтуынша, ұлы аулада ойнап жүріп, үйінен ұзап кетіп, адасып қалған.

Қызметтерін атқарып жүрген Шымкент қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері болған жайтқа бірден назар аударып, баланы табуға көмектескен.

Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырып, баланы жақын маңдағы ойын алаңынан тапқан.

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет әрі кәсіби шеберлік танытып, жасөспірімді аман-есен анықтап, оны анасына табыстаған.

Өз кезегінде, жоғалған ұлдың анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру